Алматы қаласы білім басқармасының
«№5 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
16
март
2025

16 НАУРЫЗ - ШАҢЫРАҚ КҮНІ!

Шаңырақтың шаттығы - сыйластықта. Шаңырағымыз биік, керегеміз кең, босағамыз берік болсын! КММ №5 мектеп-гимназиясының 3 "А" сынып оқушысы Арыстан Дамели. Сынып жетекшісі: Мынбаева Назгуль Абулайысовна.

 Шаңырақ – киіз үйдің элементі ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, бірлік пен берекенің киелі символы. Қазақ мәдениетінде ол отбасыны, ал мемлекеттік деңгейде – ұлттық бірлікті білдіреді, сондықтан ол Қазақстанның Елтаңбасында бейнеленген.

Шаңырақ – мемлекеттіліктің, тұрақтылық пен сабақтастықтың символы. Ол қазақ дәстүрінде отбасы құндылықтарын, қорғанысты, өзара көмекті, ел бірлігін бейнелеген. Бүгінде ол барлық этностарды, әр түрлі ұрпақтар буыны мен елдің барлық аймақтарының тағдыры тоғысқан Қазақстанның азаматтық қоғамдастығын бейнелейді.

Бұл күн Қазақстан азаматтығы этностық ұғымнан биік тұратынын айшықтайды. Біз – сырт кейпіміз әр түрлі болса да, бәріміз – бір халық, бір қоғам, бір елміз.

Бұл күн «қазақстандық» болу – саналы таңдау екенін, яғни, ел мүддесін бәрінен биік қою, мемлекеттің дамуына үлес қосу және оған тән құндылықтарға бойұсыну екенін түйсіндіруге арналған.

Бәріміздің ортақ үйіміз – Қазақстан, ал болашақ ұрпаққа іргесі еркі, керегесі кең, шаңырағы биік үй қалдыру өз қолымызда.