Отбасы күніне арналған «Әке – асқар тау, биік шың» форумы өтті! Прошел форум "Әке – асқар тау, биік шың" в Алматы, посвященный Дню семьи! » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » Отбасы күніне арналған «Әке – асқар тау, биік шың» форумы өтті! Прошел форум "Әке – асқар тау, биік шың" в Алматы, посвященный Дню семьи!
10
сентябрь
2023

Отбасы күніне арналған «Әке – асқар тау, биік шың» форумы өтті! Прошел форум "Әке – асқар тау, биік шың" в Алматы, посвященный Дню семьи!

Алматыда өткен Отбасы күніне арналған «Әке – асқар тау, биік шың» форумы жиналған жұртты тәнті етіп, шабыттандырды. Шара отбасындағы әкенің орнын, оның бала тәрбиесіндегі қайталанбас және баға жетпес рөлін атап өту сияқты маңызды мақсатты көздеді.Форумда мерекені қуаныш пен нұрға бөлеген көптеген қызықты шаралар мен түрлі ойын-сауық ұйымдастырылды:- Отбасылық құндылықтарға арналған әйгілі шеберлердің өнер көрмесі тамаша туындылармен танысып,  авторлардың талантына тәнті болуға мүмкіндік берді.-    Бала тәрбиесіне, жаман әдеттердің алдын алуға арналған деректі фильмдер мен бейнероликтер көрсетілімі пайдалы әрі танымдық шараға айналды. -    Форум аясында өткізілген әкелер арасындағы конкурс интеллект, креативтілік, шығармашылық қабілет пен спорттық шеберлік сынға түскен нағыз дода болды. Әкелер «Зияткер әке», «Креативті әке», «Шығармашыл әке», «Спортшы әке», «Аспаз әке» сынды номинациялар бойынша бақ сынады. -    «Шығармашылық әке» номинациясы бойынша сайысқа қатысқан әріптесіміз - әке Сырттанбеков Балташ Қанафьяұлы гитарамен тамаша ән шырқады. Оның таланты мен «отағасы» деген атқа лайық бейнесі ешбір көрерменді бей-жай қалдырған жоқ. Әкелер форумы отбасы үшін маңызы зор әрі ұмытылмас оқиғаға айналды. Мұндай іс-шаралар әкенің бала өміріндегі бірегей әрі қайталанбас рөлін атап өтуге және бақытты да берекелі отбасының қалыптасуына ықпал ететініне сенімдіміз. Великолепно проведенный форум "Әке – асқар тау, биік шың" в Алматы, посвященный Дню семьи, оставил все участников восхищенными и вдохновленными. Мероприятие ставило перед собой важную цель - подчеркнуть важность отца в семье, его неповторимую и незаменимую роль в воспитании детей.