06
май
2026
6 мамыр 2026 жылы №5 мектеп-гимназиясында 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Бүгінгі сарбаз – ертеңгі батыр» атты мерекелік концерт өтті
6 мамыр 2026 жылы №5 мектеп-гимназиясында 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Бүгінгі сарбаз – ертеңгі батыр» атты мерекелік концерт өтті 🇰🇿✨Іс-шараны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бахаева Динара Аскаровна ұйымдастырды. 👏Мерекелік кештің басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына патриоттық рух, елге деген сүйіспеншілік пен Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру. ❤️🇰🇿
Концерт барысында оқушылар ән айтып, күй орындап, би билеп, жүрекке жеткен өлеңдерін арнады. 🎶🎤💃
«Жас құтқарушылар» биі, «Үш қара» скрипкалық шығармасы, домбырашылар ансамблінің «Ертұран» күйі, аналар мен болашақ сарбаздардың әні және оқушылардың жарқын флешмобы көрермендерге ерекше әсер сыйлады. ✨👏
Сахна төрінде ерлік, намыс, бірлік пен бейбіт өмірдің қадірі кеңінен дәріптелді. 🕊️
Әрбір өнер нөмірі Отанды сүю, елді құрметтеу, бейбітшілікті бағалау секілді маңызды құндылықтарды айқындады. 🇰🇿💙
Қадірлі әріптестер, ата-аналар, ардақты әкелер мен аталар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌷
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!