08
май
2026
2026 жылғы 8 мамыр күні мектеп кітапханасында Ұлы Жеңіс күніне арналған тағылымды іс-шара өтті.
Алматы қаласы,Әуезов ауданы,Мектеп-гимназия5,Кітапхана,📚2026 жылғы 8 мамыр күні мектеп кітапханасында Ұлы Жеңіс күніне арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараны мектеп кітапханасының меңгерушісі Гүлнұр Қойшыбаевна ұйымдастырып, оқушыларға мерекенің маңызы мен тарихи мәнін кеңінен түсіндірді.Шара барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлық туралы мәліметтер алып, ардагерлердің ел үшін жасаған жанқиярлық еңбектері жайында сыр шертті. Сонымен қатар, патриоттық әндер айтылып, өлеңдер оқылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар соғыс батырларының ерліктерін еске алып, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін білдірді.
Кештің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тарихқа тағзым ету және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру болды. Іс-шара әсерлі әрі мазмұнды өтіп, оқушыларға үлкен тәрбиелік мән сыйлады.