Алматы қаласы білім басқармасының
«№5 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » №5 мектеп-гимназия 4 «А» сыныбында бастауышпен қоштасу кеші жоғары деңгейде өтті.
20
май
2026

№5 мектеп-гимназия 4 «А» сыныбында бастауышпен қоштасу кеші жоғары деңгейде өтті.

№5 мектеп-гимназия 4 «А» сыныбында бастауышпен қоштасу кеші жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекшісі Мынбаева Н. А. ұйымдастырған бұл ерекше кеш оқушылар мен ата-аналардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. 💐

Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, мектептегі ең жарқын сәттерін еске алды. Әрбір бала сахнада жарқырап, бастауышпен қоштасудың қуанышы мен толқынысын сезінді. 🌟

Ата-аналар балаларының жетістіктеріне қуанып, әсерлі кештің куәсі болды. Осындай тәрбиелік мәні зор, мейірім мен қуанышқа толы шара балалардың есінде мәңгі сақталары анық. ❤️

Бастауышпен қоштасқан бүлдіршіндерге сәттілік пен биік белестер тілейміз! 📚✨