14 наурыз «Көрісу күні»
Жаңа аптаны «№5 мектеп-гимназия» КММ өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахаева Д.А., аға тәлімгері Мадамбай Қ.Қ. «Көрісу күні» шарасымен бастады. 14 наурыз - қазақ халқы үшін ежелден күнтізбедегі айтулы күндердің бірі. Өйткені дәл осы күні ата-бабамыз өкпе-ренішті ұмытып, қыстан аман шыққандарының құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген. Атаулы күнде мектеп оқушылары мектепке келген ұстаздармен оқушыларды құшақ жая қарсы алды. Тамырын