14 наурыз «Көрісу күні» » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
14
март
2022

14 наурыз «Көрісу күні»

Жаңа аптаны «№5 мектеп-гимназия» КММ өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері  мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахаева Д.А., аға тәлімгері Мадамбай Қ.Қ. «Көрісу күні» шарасымен бастады. 
14 наурыз - қазақ халқы үшін ежелден күнтізбедегі айтулы күндердің бірі. Өйткені дәл осы күні ата-бабамыз өкпе-ренішті ұмытып, қыстан аман шыққандарының құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген. Атаулы күнде мектеп оқушылары мектепке келген ұстаздармен оқушыларды құшақ жая қарсы алды. 
Тамырын  тереңнен тартқан осынау мейрам-тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Наурызға аман-есен жеткенімізге қуаныштымыз. 
 Құрметті достар! Сіздерді көктем мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақ-береке, жақсылық пен бақыт тілейміз.
Ізгі ниетпен өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп әкімшілігі.