Алматы қаласы білім басқармасының
«№5 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » Бүгін мектеп кітапханасында Ұлыстың ұлы күні- 22 наурыз мерекесіне орай кітап көрмесі мен оқушылардың наурыз туралы танысу кеші болды.
20
март
2025

Бүгін мектеп кітапханасында Ұлыстың ұлы күні- 22 наурыз мерекесіне орай кітап көрмесі мен оқушылардың наурыз туралы танысу кеші болды.

Кешімізде оқушылар Наурыз мейрамы  туралы өз ойларымен бөлісті.
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мейрамына қатысты  қызықты дерекпен таныса отырыңыз.
•    Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.•    Бұрынғы қариялар 22 наурызды «Қызылбастың наурызы» дейді екен (Қызылбас — Иран, бұрынғы Парсы елінің қазіргі атауы). «Наурыз» сөзі парсы тілінен шыққан, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы наурыз демей, Амал деген.•    Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге жолығады. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас тағам дәстүрлі болып саналады. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.•    Наурыз мерекесі 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген дерек бар. Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі.•    Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео.#Школа-гимназия №5 библиотека
Сегодня в школьной библиотеке состоялась вечер знакомства празднованию Дня  -22 марта- Ұлыстың ұлы күні. Была организовано книжная выставка честь Праздника.
На вечере школьники поделились своими мыслями о Наурыз мейрамы.
22 марта - Великий день Улуса. Ознакомьтесь с интересными фактами о Наурыз мейрамы.
* Праздник Наурыз - один из старейших праздников в мире. Празднование у народов Центральной Азии продолжается уже пять тысяч лет. Слово «Наурыз» в переводе с персидского означает «Новый день».
* Бывшие старики называют 22 марта «Наурыз Кызылбаса» (Кызылбас - Иран, нынешнее название бывшей Персии). Слово «Наурыз» происходит от персидского языка и означает «новый день». Казахский народ называет его Амал.
* Традиционное блюдо Наурыза - «Наурыз коже». Он состоит из семи видов кормов. Число семь символизирует семь дней недели, это число имеет глубокий смысл. Есть обычаи, связанные с 7 числами.





[media=https://youtube.com/shorts/9JrRke3kAgY?feature=share]
[media=https://youtube.com/shorts/2GqXgLJOcjg]