Алматы мектептерінде білім берудің инновациялық әдістері енгізілуде. Инновационные методы в сфере образовании внедрят в школах Алматы. » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » Алматы мектептерінде білім берудің инновациялық әдістері енгізілуде. Инновационные методы в сфере образовании внедрят в школах Алматы.
01
декабрь
2023

Алматы мектептерінде білім берудің инновациялық әдістері енгізілуде. Инновационные методы в сфере образовании внедрят в школах Алматы.

Алматы мектептерінде білім берудің инновациялық әдістері енгізілуде.
    Жаңа технологиялар мұғалім еңбегін жеңілдетіп, мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттырады.
    Ұлттық білім академиясы өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер талқыланды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Мамандар жаңа технологиялардың көмегімен мұғалім жұмысын қалай жеңілдетіп,  мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын қалай арттыруға болатынын айтып берді. Қатысушылардың пікірінше, мұндай шаралар оқушылардың білім сапасы мен оқудағы белсенділігін арттыруға көмектеседі. Конференция барысында балалар да ғылыми және шығармашылық пәндерден өз шеберлігін көрсетті.
- Бұл экожүйемен біз сабақта ғана жұмыс істемейміз. Біз мектеппен сапаны басқару жүйесі ретінде жұмыс істейміз. Яғни бұл жұмысқа әр оқушы, әр мұғалім тартылады. Бүкіл команда болып жұмыс істейді. Команда бәрін талқылап, нәтижеге қол жеткізеді. Егер бұл технология бойынша қарқынды жұмыс істесек, бір айдың ішінде нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін өлшеуіштерімізді таптық. Бір айдың ішінде нақты мұғалімнің, нақты балалардың нақты пәндер бойынша жұмысының нәтижесін көреміз және нәтиже міндетті түрде өсетін болады, - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Президентінің кеңесшісі Федор Вассерман.
- Балалардың білім сапасын арттыруға арналған өз жоспарымыз бар. Осы жоспар аясында біз мұндай іс-шараларға үзбей қатысамыз және оларды өз бастамамызбен де өткіземіз. Біздің міндетіміз – балаларға сапалы білім ғана емес, өнегелі тәрбие де беру. Ал бұған мұғалімдеріміздің уақыты, күші мен біліктілігі жетуі үшін әрдайым жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп отырамыз, – дейді №5 мектеп-гимназия директоры Сәуле Жұмабекова.