Прошёл городской семинар-тренинг «Инновационные подходы в воспитании и обучении школьников». «Мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбы бойынша қалалық семинар-тренинг өтті. » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » Прошёл городской семинар-тренинг «Инновационные подходы в воспитании и обучении школьников». «Мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбы бойынша қалалық семинар-тренинг өтті.
24
ноябрь
2023

Прошёл городской семинар-тренинг «Инновационные подходы в воспитании и обучении школьников». «Мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбы бойынша қалалық семинар-тренинг өтті.

24 ноября текущего года  в школе –гимназии №5 Ауэзовского района прошёл городской семинар-тренинг «Инновационные подходы в воспитании и обучении школьников». Огранизаторами семинары выступили: Городской научно-методический центр новых технологий в образовании Управления образования г.Алматы, Ауэзовский районный отдел образования и школа-гимназия №5 в партнёрстве с Международным Центром Сближения Культур под эгидой ЮНЕСКО.
    Участники городского семинар-тренинга – управленческие команды 2 потока обучения по Программе «Алматинская школа» школ города, заместители директоров по учебной работе школ Аузовского района.    В семинаре приняли участие Акмагамбетова Р.Г., руководитель отдела воспитательной работы и дополнительного образования ГНМЦНТО, Саттарова Г.Р, руководитель Ауэзовского РОО, Жантлеутов В.А, ведущий научный сотрудник Международного Центра сближения культур под эгидой ЮНЕСКО, Асанова А.А., декан факультета журналистики и информационных систем Бишкекского Гуманитарного Унивеситета им.К.Карасаева, Ережепова Г.Г., национальный координатор Казахстанской Национальной Федерации клубов ЮНЕСКО, Есильбаев Т.К., академик Академии наук Республики Казахстан, Почётный журналист Казахстана, ведущий научный сотрудник Международного Центра Сближения Культур под эгидой ЮНЕСКО категории 2, Асанбаева Г., канидидат философский наук, доцент, эксперт по медиаграмотности, Рыбкина О., республиканская газета «Дружные ребята». В практической части семинара была презентована Школа молодых медиатренеров. Участники Школы поделились приемами  использования  практик развития медийной и информационной грамотности.
С заключительным словом выступила методист ГНМЦНТО Локтионова О.С., которая поблагодарила организаторов и участников семинара и  выразила надежду на плодотворное дальнейшее сотрудничество.

2023 жылғы 24 қарашада Әуезов ауданындағы №5 мектеп-гимназияда «Мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбы бойынша қалалық семинар-тренинг өтті.
Семинарды Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Әуезов аудандық білім бөлімі және №5 мектеп-гимназия ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Қалалық семинар-тренингке «Алматы мектебі» бағдарламасы бойынша екінші лекте білімін жетілдірген қала мектептерінің басқару командалары және Әузов ауданындағы мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Бұдан бөлек, семинарға Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі Р.Г.Ақмағамбетова, Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Р.Саттарова, ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының жетекші ғылыми қызметкері В.А.Жантлеутов, К.Карасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетінің журналистика және ақпараттық жүйелер факультетінің деканы А.А.Асанова, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының ұлттық үйлестірушісі Г.Г.Ережепова, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының 2- санатты жетекші ғылыми қызметкері Т.К.Есілбаев, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, медиасауаттылық жөніндегі сарапшы Г.Асанбаева, «Дружные ребята» республикалық газеті бас редакторының орынбасары О.Рыбкина қатысты.
Семинар-тренингті ашқан №5 мектеп-гимназия директоры С.Н.Жұмабекова өзі басқарып отырған мектеп өз брендін қалыптастыруды, өз ерекшелігі мен бірегейлігін танытуды көздеп, сапалы жаңа білім беру ортасын құруға бағытталған «Алматы мектебі» бағдарламасына қатысып, бірқатар нәтижелерге жеткенін айтты.
  Білім берудің жаңа ортасы БҰҰ қабылдаған Орнықты дамудың 17 мақсатын жүзеге асыруды көздейді. Сәуле Нұрбекқызы «Біз осы орнықты даму процесіне үлес қосу үшін қажет білім мен дағдыларды шәкірттеріміздің толымды түрде меңгеруін қамтамасыз етуге тырысамыз. Мектебіміз адам құқықтары, гендерлік теңдік, бейбітшіл мәдениет, жаһандық азаматтық тұжырымдамасы, мәдени әртүрліліктің құндылығын түсіну және білімнің баршаға қолжетімділігі сияқты идеяларды кеңінен енгізуге тырысып отыр» деді.
Семинардың практикалық бөлімінде Жас медиатренерлер мектебінің жұмысы таныстырылды. Оған қатысушылар медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту тәсілдерін пайдалану жолдарымен бөлісті.
Семинар жұмысын қорытқан Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері О.С.Локтионова семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтып, жемісті ынтымақтастық жалғаса беретініне сенім білдірді.