01
сентябрь
2023
Білім күні - 1 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылғы 1 қыркүйек - Білім күні «№5 мектеп-гимназия» КММ 1-сынып оқушылары мен өз оқушыларына есігін айқара ашты. Бірінші қыркүйек – жаңа өмір, жаңа кезең басталатын сәт. Сондықтан осы күні жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Әсем қазақ биімен ашылған салтанатты жиында мектеп директоры Сауле Нурбековна Жумабекова жиналғандарды мерекемен құттықтап, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Мерекелік шараға Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Кульбеков Е.Д., ата-аналар қауымының өкілдері, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Титова С.А. сынды қонақтар қатысты. Бір топ бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылымен құттықтап, өнер көрсетті. Ал алғашқы қоңырауды соғу құрметі 11 «В» сынып оқушысы Виртуозов Александр мен 1 «В» сынып оқушысы Хен Руминаға берілді. Жаңа оқу жылы толағай табыс, жеңістер, жаңа жетістіктер әкелсін!