«Мен,мен едім,мен едім» толғауы » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » » «Мен,мен едім,мен едім» толғауы
02
декабрь
2022

«Мен,мен едім,мен едім» толғауы

«Мен,мен едім,мен едім» толғауы                        
        02.12.2022жылы  9"А" сыныбына  М.Өтемісұлының "Мен,мен едім,мен едім" атты толғауы  өтілді.Алдыңғы сабақта ақынның өмірі мен шығармаларына талдау жасалған.Үй тапсырмасын "Wordwoll" әдісі арқылы оқушылардың білімдері тексерілді.Жаңа сабақты меңгерту барысында белсенді оқыту әдіс-тәсілдер қолданды. «Болжау» стратегиясымен диалог негізінде  жаңа сабақ тақырыбы ашылды.Оқушыларға аудио мәтін тыңдату арқылы  толғау мазмұнын түсінуге,өз  көзқарастарын білдіруге,сөздік қорын молайтуға машықтандыруға жағдай жасалды..Осы мақсатта"Ой қозғау" әдісі арқылы балалардан аудио мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылып,жауап алынды."Түсініп оқу"әдісі арқылы мәнерлеп оқу жұмысы жүргізілді Махамбеттің  «Меннің» мағынысын ашты. "Сөз-маржан"  мысал өлеңдегі оқушыларға қиындық келтіретін сөздердің синонимдік қатарларын сөздік етіп түсіндірді. Топтарға берілген тапсырмалар сабақтың  мақсат- мазмұнына сай жүйелі жасалған.  Оқушылар «Ақыл-ой картасы» әдісі бойынша  кейіпкер бейнесін ашып ,толғаудан дәлел келдірді, ақынның сөз қолданыстарын шығармадан сауатты таба білді.Сабақта  Махамбет өлеңдерінен поззия минуты  ұйымдастырылды.Түсіну және жауап беру дағдысы бойынша "3 сөйлем" әдісін қолданды.Бұл әдіс сабақ мақсатына жетуге қолайлы жағдай туғызды.Оқушылар толғаудың  тақырыбы мен идеясын ашып, Махамбет қолданылған «Меннің »  мағынасын ашты.Толғау идеясынан  қорытынды шығара білді.Сабақта әрбір жұмыстан соң, ҚБ жүзеге асты.Сондай –ақ топ жетекшілері бағалау парақтарын толтырып,кері байланыс жасалды.Сабақ барысында жүргізілген жұмыстарды қорытындылауда "Төрт сөйлем» тәсілін қолданды.Үйге тапсырмаға «Махамбет-өршіл ақын» тақырыбында эссе  берілді..Сабақ қазақ тілі,тарих сабақтарымен байланыста болды.Қолданылған әдістер оқушылардың белсенділігін арттыра түсті, сабақ мақсатына жетіп,қызықты өтті.

                                                     Әдіс бірлестік жетекшісі  Омиркаликова  Ж.Т.