🖋📜10 тамыз-Абай күні » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
10
август
2021

🖋📜10 тамыз-Абай күні

🖋📜10 тамыз-Абай күні 
Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!  

Абай Құнанбаев өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім және ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Ол туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды, тіршілік мақсаты мен мұраты ілім мен ғылымда деген берік тоқтамға келді.  

Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады.  
Осыған орай, «№5 мектеп-гимназия» КММ кітапханашылары  «Абай – кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесін  ұйымдастырып,  оқырмандар назарына ұсынды.