«Отбасы- шабыт көзі» атты кітап көрмесі » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » «Отбасы- шабыт көзі» атты кітап көрмесі
13
сентябрь
2021

«Отбасы- шабыт көзі» атты кітап көрмесі

"№5 мектеп-гимназия" КММ кітапханада Отбасы күніне орай «Отбасы- шабыт көзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  отбасы құндылығы, тәлім-тәрбие туралы әдебиеттер қойылып, мерзімді басылым беттеріндегі қажетті деген мағлұматтар қойылып, шолу жасалды. 
  Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол-шағын мемлекет. Отбасы –әлеуметтік қауымдастықтың бір түрі. Ал, отбасы тәрбиесі-ұлттық тәрбиенің негізі. Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ата –ананың міндеті-тәрбиелеу және жақсылықты үйрету, бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен  басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз.Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.