06
март
2026
Жеңге өнегесі – қыз тәрбиесі» атты тәрбиелік мәні зор сайыс өткізілді.
06.03.2026 жылы №5 мектеп-гимназиясында директордың-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахаева Д.А. ұйымдастыруымен «Жеңге өнегесі – қыз тәрбиесі» атты тәрбиелік мәні зор сайыс өткізілді. Сайыс 4 бөлімнен тұрды. Бұл шараның мақсаты – қыз баланың тәрбиесіндегі жеңгенің, ананың және отбасының рөлін көрсету, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.
Сайысқа 7-сыныптан 6 қыз бала жеңгесімен , аналарымен қатысып, өз өнерлері мен тәрбиелерін көрсетті. Қатысушылар түрлі тапсырмаларда белсенділік танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
🏆 Нәтижесі:
Гран-При – 7А сынып: Амангелді Жасмин және Сабырбекова Айгерім
🥇 1 орын – 7Г сынып: Авдеева Ольга және Авдеева Наталья Владимировна
🥈 2 орын – 7Ә сынып: Қайрат Айша және Конусова Ақбота Мейрамбекқызы
🥈 2 орын – 7Ж сынып: Гарипова Алиса және Сүндетова Дидар Жанадилқызы
🥉 3 орын – 7Б сынып: Гулиева Айлин және Гулиева Гюнай
🥉 3 орын – 7Е сынып: Закан Айзере және Кусмолдаева Ляйля Жақсылыққызы
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз! 💐