Алматы қаласы білім басқармасының
«№5 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » «23 сәуір -Ұлттық кітап күні» -не арналған іс -шараларымыздың күні!🤗
23
апрель
2026

«23 сәуір -Ұлттық кітап күні» -не арналған іс -шараларымыздың күні!🤗

Алматы қаласы,Әуезов ауданы, Мектеп-гимназия№5.Кітапхана!📚«23 сәуір -Ұлттық кітап күні» -не арналған іс -шараларымыздың күні!🤗
«Кітап және цифрлық әлем»
Шарасының мақсаты: Қатысушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дәстүрлі кітап пен заманауи цифрлық ресурстардың байланысын көрсету, ақпараттық мәдениетті дамыту.
Міндеттері:
Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру
Электронды кітаптар мен онлайн платформаларды таныстыру.
Оқырмандық дағдыларды жетілдіру.
Жастарды сапалы контентті таңдауға баулу.
Өткізу форматы:
Қатысушыларға QR-кітаптар саяхат көрмесін ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығы артады.
Цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалану дағдылары қалыптасады.
Ақпаратты сыни тұрғыда бағалау қабілеті дамиды.
Қорытынды:
«Кітап және цифрлық әлем» шарасы дәстүрлі оқу мәдениетін сақтай отырып, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған. Бұл шара оқырмандардың білім көкжиегін кеңейтіп, заманауи ақпараттық ортада дұрыс бағдар табуына көмектеседі.
«Кітап және цифрлық әлем»-ге өз ойларын білдірген 5 «Д» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Асемхан М.Б.🤗