«Ұлт тілін ұлықтаған» тақырыбында, Қазақстанның халық акын - жазушысы Мұхтар Шаханұлымен кездесу кеші » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » » «Ұлт тілін ұлықтаған» тақырыбында, Қазақстанның халық акын - жазушысы Мұхтар Шаханұлымен кездесу кеші
08
сентябрь
2022

«Ұлт тілін ұлықтаған» тақырыбында, Қазақстанның халық акын - жазушысы Мұхтар Шаханұлымен кездесу кеші

08.09.2022 ж. Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №5 мектеп –гимназияда  тілдер мерекесіне орай  «Ұлт тілін ұлықтаған» тақырыбында, Қазақстанның  халық акын - жазушысы   Мұхтар Шаханұлымен кездесу кеші өтті. Осындай  қайталанбас тұлғаның біздің мектебімізге келуі үлкен әсер қалдырды. Ақынның жырларын 8-10 сынып оқушылары сүйіспеншілікпен оқып, «Карамель» би тобының қыздары би өнерін көрермендерге тамашалатты. 9 «Ә» сынып оқушысы Республикалық жасөспірімдер байқауының жеңімпазы Болатбек Ғазиз «Қазақстаным» әнін орындады. Мұхтар ағамыздың өз шығармаларынан оқылған  үзіндісін  оқушылар мен мұғалімдер  ынта қойып тыңдады. Елдің ең сүйікті ақыны Мұхтар Шаханұлы бүгінде ел құрметіне бөленген, жарқын ісі мерейлі азаматтардың бірі де бірегейі. 
 Мектеп-гимназия директоры Жумабекова Сауле Нурбековна біртуар ақынға деген өзекжарды тілегін айтып, ризашылық білдірді.
         Кеш соңында жиналған қауым ақыннан қолтаңба алып, қимай қоштасты. Отты өлеңдерімен оқырман жүрегінен орын алған  ақынмен кездесу кеші мәңгілік есімізде қалары сөзсіз.