08
июнь
2026
11-сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтиханы аясында оқыту тілі бойынша жазбаша емтиханға (қазақ/орыс тілі) қатысты.
Алматы қаласы Әуезов ауданы №5 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтиханы аясында оқыту тілі бойынша жазбаша емтиханға (қазақ/орыс тілі) қатысты.Емтихан басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, салтанатты көңіл күй қалыптасты. 🇰🇿
Іс-шараға мектеп әкімшілігі қатысып, мектеп директоры түлектерге сәттілік тілеп, ақ жолын айтты. Оқушыларға сенім мен жігер беріп, емтиханды жоғары нәтижемен тапсыруларына тілектестік білдірді.
Мемлекеттік бітіру емтиханы – түлектердің білім деңгейін айқындайтын маңызды кезең. Осы жауапты сәтте оқушыларымызға сәттілік, жоғары нәтиже және алдағы өмір жолдарында толағай табыстар тілейміз!