Бос орынға конкурс туралы хабарландыру » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » Бос орынға конкурс туралы хабарландыру
18
июль
2023

Бос орынға конкурс туралы хабарландыру

Бос лауазымыға конкурс

Алматы қ., 9 ықшам ауданы, 16-үй (индекс 0500366, байланыс телефоны: 8 (7272) 303-85-45, электронды пошта: shkola_2013_5@mail.ru) мекенжайында орналасқан КММ «№5 мектеп-гимназия» мына лауазымдар бойынша бос орындарға конкурс жариялайды:

1. Математика пәні мұғалімі (Алгебра және геометрия)

2. Физика пәні мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

3. Химия пәні мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

4. Тарих пәні мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

5. Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

6. Биология пәні мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

7. География пәні мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

8. Ағылшын пәні мұғалімі 

9. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

10. Музыка мұғалімі (орыс тілді сыныптарына)

11. Көркем еңбек  пәні мұғалімі (ұлдар тобына)

12. Дене шынықтыру пәні мұғалімі 

13. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

14. Іс қағаздарын жүргізуші

15. Хатшы

16. Логопед

17. Дефектолог


Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес белгіленген мерзімде өткізіледі.


Біліктілік талаптары: конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде құжаттарды қабылдау мерзімінде жолдайды:


  1. Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.   Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;

3.   Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4.  Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.   Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6.   "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан 

 Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7.  Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.  Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагогтің   біліктілік санаты туралы куәлік;

10. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Бағалау парағы


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс туралы осы хабарландыру мектептің ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күніішінде жолдануы тиіс.


Жұмысқа қабылдау конкурсы 2023 жылдың 18 тамызында өтеді. 


Мемлекеттік қызметті көрсету үшін және конкурс нәтижесін беру үшін құжаттар мына мекенжайлар арқылы қабылданады:

  1. Мына мекенжайда орналасқан қызмет көрсетушінің қабылдау бөлмесі: Алматы қ., 9 ы/а, 16-үй, байланыс телефоны: 8 (7272) 303-85-45
Электронды пошта: shkola_2013_5@mail.ru