19
март
2022
«Бұрымды қыз»
Қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында "№5 мектеп-гимназия" КММ өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері «Бұрымды қыз» атты байқау өткізді. Байқауға 8 үміткер қатасты. Олар: 9Ә сынып – Есенова Аяжан, 8А сынып- Алтынхан Мерей, 7А сынып – Кулжабаева Асылжан, 7А сынып – Ақжан Нұрай, 6Е сынып – Тоқтарбек Аруна,6З сынып – Жанабекова Нұрайым, 4Е сынып – Павловская Анастасия, 3Ж сынып –Тимошина Анастасия. Сайыстың қорытындысы бойынша 8А сынып оқушысы Алтынхан Мерей «Бұрымды қыз» байқауының жеңімпазы атанды.