«Артық білім- кітапта» атты өнеге сағат » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » » «Артық білім- кітапта» атты өнеге сағат
29
ноябрь
2022

«Артық білім- кітапта» атты өнеге сағат

Алматы  қаласының  Әуезов ауданындағы  №5 мектеп-гимназиясында   қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Қазақ тілім- менің ұлттық мәртебем» атты 28.11-09.12 аралығында онкүндік  іс-шара  басталды.Жоспар бойынша 29 .11. күні10 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Н.Б.Сугралиева «Артық білім- кітапта» атты өнеге сағатын  өткізді.  Сабақ сайыс түрінде ұйымдастырылып,сынып оқушылары  «Болашақ»  және «Өркен» тобына бөлінді. Жұмыс құрылымы 5 кезеңнен тұрды.1-кезең «Тұлғаны тану»,2-кезең «Кім тапқыр?»,3-кезең «Сөзжұмбақ»,4-кезең  «Абайдың қарасөзін жатқа оқу» ,5-кезең «Мәре» Шешендік өнерін көрсету.  Өнеге сабағында топ  оқушылары өте шапшаң,ой-өрістерінің жоғары деңгейде екендігін байқатты.Оқушылардың әр кезең бойынша тапсырмаларды орындау белсенділігі ерекше болды. Олар өнеге сағатын  өнеге сағатын    кітап оқудың  қажеттілігін  жан-жақты түсінген.Жеке оқушылардың тілге сүйіспеншілігі,ізденушілік қабілеті ,шығармашылығы,шешендік өнерді меңгеруі жан-жақты  байқалды. .Мұндай жұмыстар балалардың қабілеттерін шыңдауға , тұлға  болып қалыптасуына ықпалы ерекше болады.Жұмыс барысынды   оқушылар  кітаптан алған ілімін шыңдап,  ізденгендерін көрсетті.Жұмыстарынан ерекше шығармашыл оқушылар байқалды.Атап айтсам, Нурғазинова Аида, Есенова Аяжан,Жақсыбекова Аружан,Даулетқызы Аружан,Айдынқызы Асия,Ибагимов Адилет т.б.Екі топ оқушылары бірдей ұпай жинақтап,таразы басы теңбе-тең болды. Оқушылармен жүргізілген танымдық іс-шара талапқа сай,қызық өтіп,өз мәресіне жетті.
 Бірлестік жетекшісі  Омирқаликова Ж.Т.