05.09.23-15.09.23 күні «Ана тіліміз – ұлттық құндылығымыз» атты тілдер мерекесі өтті! » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » 05.09.23-15.09.23 күні «Ана тіліміз – ұлттық құндылығымыз» атты тілдер мерекесі өтті!
05
сентябрь
2023

05.09.23-15.09.23 күні «Ана тіліміз – ұлттық құндылығымыз» атты тілдер мерекесі өтті!

05.09.23-15.09.23 күндері аралығында «Ана тіліміз – ұлттық құндылығымыз» атты тілдер мерекесі жоспарға сай өткізіліп жатты. Осы апталықтың 08.09.23 күні «Тіл – алтын қазына» атты суреттер байқауы 5 сыныптар аралығында өткізілді. Жауапты мұғалімдер Г.К. Бакынова мен А.Ж. Худайбергенова болды. Суреттердің әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері болды. 
Майлы бояумен әрлеген 
Журумбаева Диананың (5ж) суреті аса сәтті шыққан туынды деуге болады. 
Зазулина Викторияның (5ж) суреті түсі қанық әсем түсермен әрленген, тіл туралы цитатамен толықтырылған қазақи нақыштағы әдемі бейне екен. 
Қазақстан картасына барша ұлт өкілдерін сыйғызған Гарипова Алисаның (5ж) суреті де неткен тамаша дерсің! 
Анитова Жасмин (5е) болса өз суретіне жер бетіндегі түрлі туды бейнелеуге тырысқан. 
Мырзаханов Мирас (5б) алып ағашқа барша әлемді шар тәріздес етіп тоғыстырған екен. Бала қиялында ерік бар ма дерсің!
 Түнгі аспанда түйіскен әлем халықтарының өзіндік символдарын жинақтап қойғандай етіп бейнелеген Авдеева Ольганың (5г) да суреті жақсы шығыпты. 
Кислова Викторияның (5з) суреті тіпті жанды бейне тәрізді. 
Жарқыраған күнге ұмтылған ерке қыз ту ұстап, өзінің дара жолын тауып, биікке жол тартқандай бейнеге таң қалмау мүмкін емес. Барлығынан ерекше тіл туралы өлеңдермен толықтырылған үлкен қабырға газетін жасап, керемет суреттермен безендірген Костенко Светлананың (5ж) суреті тым әсерлі болды. 
Шығармашылық туындыны бас жүлде, 1-2 орын деп бөліп жару мүмкін емес болғандықтан суретшілерді біркелкі тәтті шоколадтармен марапаттағанды жөн көріпті. Ең бастысы көрген адам таң қалған ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар риза! Сурет иесі бола білген суретшілер де дән риза!