EGOV.KZ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » EGOV.KZ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
30
март
2023

EGOV.KZ ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ

 1 сыныпқа құжаттар ағымдағы жылдың 1 сәуірінен EGOV.KZ электрондық үкімет портал арқылы қабылданады. 1-сыныпқа өтінімдер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады. Білім беру ұйымдары 6 жастағы және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды даярлық деңгейіне қарамастан, сондай-ақ  білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағында тұратын  балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
 Ата-аналар "білім" бөлімінің жеке кабинетіне кіріп, "орта білім"бөліміне өтуі керек. Әрі қарай, "құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау" қызметін таңдап, қажетті құжаттармен бірге өтініш беру жеткілікті.
Қажетті құжаттар:
✓ Ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;
✓ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
✓ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
✓ "Бала денсаулығының паспорты"026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
✓ 3 * 4  2 дана фотосурет