Дәріс «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
Версия
для слабовидящих
» » Дәріс «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы»
16
февраль
2022

Дәріс «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы»

Ақпан айының 10-шы жұлдызында  «№5 мектеп-гимназия» КММ әкімшілігі Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  әлеуметтік дәрігері Дербисалиева Ансагуль Ерболовнамен бірлесіп  9 сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Дербисалиева Ансагуль оқушыларға -  АИТВ ауруының түрлері, инфекциялардың таралуы және емдеу жолдары ,  жалпы ЖИТС ауруының шығу тарихына тоқталып, осы тақырып аясында көптеген мәліметтермен таныстырды. Оқушылар да өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарынына жауаптарын алды.
      Мақсаты: Оқырмандарға темекі, арақ, есірткі, ЖИТС - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана - сезімдерін дамыта түсу. Оқушыларға ЖИТС ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру, сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік, дағды қалыптастыру.