5 - сынып оқушыларына қашықтықтан "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі » КГУ «Школа-гимназия №5»УO г.Алматы
Телефон приемного:
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » 5 - сынып оқушыларына қашықтықтан "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
13
декабрь
2020

5 - сынып оқушыларына қашықтықтан "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуге дайынбыз. Қазіргі таңда білім бағдарламалары елімізге ұтымды үлес қосып келеді. Табыс тізгіні-білімді болашақ жастардың қолында. Біз-Қазақстан болашағымыз. Біз мақтан тұтуға лайықпыз.
.  Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
.  Тәуелсізбіз, егеменмін, азатпын
.  Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
.  Алатаудай көкке өрлеген азатпын
Тәуелсіздік мерекесіне орай  12 желтоқсан күні мектебіміздің аға тәлімгері Турганова Г.Е.5 - сынып  оқушыларына қашықтықтан "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімін өткізді.  Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мектебіміздің басшысы Ботагоз Утеповна  ұйымға қабылданған  оқушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі!
"ЖасҰлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына алғаш рет мүшелікке қабылданған оқушыларды құттықтай отырып, оқуда алда болып, биік белестерді бағындырады деп тілек білдіреміз.