08
июнь
2026
«Күншуақ» лагері. 7-күн: Театр әлемі және шығармашылық шабыт.Лагерь «Солнышко». День 7: Мир театра и творческого вдохновения
☀️ «Күншуақ» лагері. 7-күн: Театр әлемі және шығармашылық шабытЛагерьдің жетінші күні мәдени әсерлерге, шығармашылыққа және көтеріңкі көңіл күйге толы өтті. Таңертең балалар сергіту жаттығуларын жасап, жаңа күнді қуанышпен бастады.Таңғы астан кейін тәрбиеленушілер Оқушылар сарайына барып, «Незнайка және оның достары» спектаклін тамашалады. Жарқын декорациялар, қызықты кейіпкерлер мен көңілді оқиғалар балаларға ерекше әсер сыйлады. Олар кейіпкерлердің бастан кешкен оқиғаларын қызығушылықпен бақылап, достықтың, өзара көмектің және білімге ұмтылудың маңыздылығын түсінді.
Түскі астан кейін балалар «Теңіз перілері» тақырыбындағы бейнелеу өнері үйірмесіне қатысты. Жас суретшілер өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, түрлі түстер мен шығармашылық идеяларды пайдалана отырып, әсем суреттер салды. Жұмыс соңында балалардың туындыларынан шағын көрме ұйымдастырылды.
Күн тәрбиеленушілерге жарқын эмоциялар, жаңа әсерлер мен шығармашылық шабыт сыйлады.
📅 09.06.2026 ж.
☀️ Лагерь «Солнышко». День 7: Мир театра и творческого вдохновения
Седьмой день лагерной смены прошёл ярко, интересно и познавательно. Утро началось с зарядки и отличного настроения.