Алматы қаласы білім басқармасының
«№5 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)303-85-45
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 303-82-53
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » 🇰🇿🇯🇵Қазақстанның өнімдері алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында FOODEX 2025 көрмесіне қатысып отыр!
13
март
2025

🇰🇿🇯🇵Қазақстанның өнімдері алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында FOODEX 2025 көрмесіне қатысып отыр!

🇰🇿
🇯🇵Қазақстанның өнімдері алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында FOODEX 2025 көрмесіне қатысып отыр!

2025 жылдың 11-14 наурызы аралығында Токио қаласында азық-түлік саласындағы ең ірі халықаралық көрме – FOODEX 2025 өтуде. Биыл Қазақстанның «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары өздерінің ерекше өнімдерін әлемдік аренада таныстыруда. Көрмеге 50 000-нан астам қатысушы, оның ішінде жетекші ритейлерлер мен инвесторлар жиналды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының мақсаты – жергілікті ресурстар мен ерекшеліктерді тиімді пайдалана отырып, микро және шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету.


🗣«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтің айтуынша: «FOODEX 2025 көрмесіне қатысу қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – Қазақстан өнімінің халықаралық аренада жоғары әлеуетін көрсетуге және әлемдік компаниялармен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаң».